СҚО-дағы болжамды сепаратистер видеосынан кейін тергеу жүріп жатыр – Бас прокуратура
СҚО-дағы болжамды сепаратистер видеосынан кейін тергеу жүріп жатыр – Бас прокуратура
© видеодан алынды
637
оқылды
Бас прокуратура Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жұмысшылардың халық кеңесі» отырысының видеосына түсініктеме берді. Желіде тараған видеода отырысқа жиналғандар Қазақстан Республикасының қабылданбағаны және Қазақ КСР-ге оралғаны айтылған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.
«2023 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті әлеуметтік желілерде «Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі» («Народный совет трудящихся города Петропавловск») құрылғаны жөніндегі бейнероликті шығару фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігімен (БАҚ пайдалана отырып адамдар тобымен сепаратизмді насихаттау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада.
Осы күні облыстық Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Іс бойынша процесс прокурорлары айқындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізілуде, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Петропавловск Казахстан СКО (@sko_kz)