Ақтөбеде гараждардың бірінен 100 келіден астам есірткі заттары табылды
Ақтөбеде гараждардың бірінен 100 келіден астам есірткі заттары табылды
473
оқылды
Ақтөбеде гараждардың бірінен полицейлер жүз келіден астам есірткі заттарын тапты.
Ақтөбе қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.гараж
"Тінту іс-шаралары барысында 5 қап (100 кг.), ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар 170 дана сіріңке қорабы (болжам бойынша марихуана), 200 дана пластинка (болжам бойынша гашиш) және жеке тінту кезінде 1 350 000 теңге табылып, тәркіленді", делінген полиция хабарламасында.