Қазақстандық жүк көліктері Ресейде апатқа ұшырады
Қазақстандық жүк көліктері Ресейде апатқа ұшырады
479
оқылды
Ресейдің Челябі облысында қазақстандық жүк көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды мемлекеттік көлік инспекциясы. Мемлекеттік автоинспекция Челябі-Троицк автожолында төрт көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Кеше, 30 наурыз сағат 17.30 шамасында Челябі-Троицк автожолының 143-шақырымында «КАМАЗ» автокөлігінің жүргізушісі тоқтап тұрған «Газель» көлігіне соқтығысқан. Содан кейін «Газель» қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, «Хово» көлігіне соғылды, ал «КАМАЗ» жартылай тіркемесі бар «Мерседес» көлігін барып соқты. Жол апаты салдарынан «Газель» жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.