Партия бағдары – ауыл
Партия бағдары – ауыл
217
оқылды
Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырық­баев Қызылорда облы­сы­на жұ­мыс сапары аясында жер­­гілікті ардагерлер жә­­не қоғамдық кеңес мү­­ше­лері, түрлі сала көш­бас­­шыларымен кездесті. Ә.Тәжібаев атындағы об­лыстық ғылыми-әмбебап кі­тапханасында өткен кез­десуді партияның об­лыстық филиалы төра­ға­сының бірінші орынба­сары Ақмарал  Әлназа­рова жүр­гізді. Еркін әрі ашық фор­матта өткен ша­­раға Қы­зыл­орда об­лы­сы әкімінің орын­басары Наурызбай Бай­қадамов қа­тысты. Елбасы – Nur Otan пар­тия­­сы­ның көшбасшысы Н.На­зар­баев «Алаштың анасы» деп бағалаған қасиетті Сыр өңі­рі­не бұл алғаш рет келгенін, түрлі даңқты тұл­ға­­лар шыққан осындай киелі ел­­де халықпен кездесудің же­­місті боларына сенетінін айт­қан партия хатшысы Nur Otan пар­тиясының алға қойған мақ­саттары мен елімізде жү­зе­ге асырып жатқан саяси ре­фор­­ма­ларына, қолға алған жұ­мыс­тарына тоқталды. – Nur Otan партиясы өңір­лерге шығып, жергілікті тұр­ғын­дармен кездесіп, олардың жағ­дайымен танысуды нақты қолға алу­да. Партия Төрағасының Бі­рін­ші орынбасары Бауыржан Бай­бек Түркістан облысында бол­ды. Оның алдында Атырау, Пав­лодар облыстарына барып, жер­гілікті халықпен жүздесіп, түйт­кілді мәселелермен таныс­ты. Қызылорда облысының Жаңа­қорған, Шиелі аудан­да­рын­да тұрғындармен кездесті. Сон­дай-ақ ол осы аудандардағы бір­неше мәселелердің шешілуіне ат­салысады. Jas Otan Жастар қа­­наты да өңір жастарымен кез­десулер өткізіп, белсенділік та­нытуда. Барлық аймақтарды ара­лап, өзекті сұрақтарды көп­ші­лікпен бірге зерделеу жос­парымызда. Мұндағы мақсат – халықпен етене араласу арқылы оларды мазалап отырған мә­се­лелерді анықтап, партия бағ­дар­ламасында қамтып, ше­ші­мін табуға себепкер болу. Nur Otan партиясы ауыл-ай­мақ­тар­дың мәселелеріне түбегейлі көңіл бө­ліп отыр. Оны өз бағ­дар­ла­ма­сы­ның өзегі етіп алды, – деді ол. Хатшы партия қолға ал­ған жобалар мен бағдарла­ма­­­ларды кеңінен түсіндіріп, оның маңыз­дылы­ғы­на тоқталды. Сон­дай-ақ партиялықтардың прай­мериз өткізгенін қы­зы­лордалықтардың қолдай­тынын айтты. – Nur Otan халықаралық тә­жіри­беге талдау жасай отырып, ха­лықпен жұмыс істеудің жаңа тә­сілдерін енгізуде. Соның бірі әрі бірегейі – ішкі партиялық сайлау, яғни праймериз. Бұл пар­­тияның алдағы сайлауға үміт­­керлерді іріктеу үшін жүр­гізетін іс-шарасы. Бұйыртса, көктемде кә­дімгідей дода, дебат, үгіт-насихат жұ­мысы болады. Суырылып шық­қан ең мықты, елге сөзі өте­тін беделділер пар­тия атынан үміт­керлер тізіміне ілі­ніп, сай­лауға түседі, – деді партия хат­шы­сы. – Сын айтылуы керек. Де­ген­мен тек сынап қана қоймай, мүм­кіндікті пайдаланып, тізе қо­сып, елге қызмет етейік. Мә­се­лен, өткен жылы қарашада 14 өңір­де пилоттық жоба ретінде прай­мериз өтіп, оған сол жер­лер­дегі партияластардың 98%-ы қа­тысты. 1 орынға 4 адамнан ке­летін жақсы бәсеке болды, – де­ді Арман Оразбайұлы. Партия хатшысымен кез­десу­де қызылордалықтар ұсы­ныс-пікірлерін айтты. Мәселен, «Невада-Семей» республикалық қоз­ғалысының Қызылорда об­лыс­­тық филиалының төрағасы Сәбит Әбіш талқыланып жат­қан ардагерлер туралы заң жо­басында Ұлы Отан соғысы, тыл және ауған соғысы арда­гер­лері­нің мәселесі ғана қаралып жат­қанын, аталған заңда елімізде бол­ған түрлі апаттарда зардап шек­кен ардагерлердің де статусы айқындалуына партия ықпал етсе деген өтінішін жеткізді. – Қызылорда облысында бү­гінгі таңда 80 қолөнер шебері бар. Осы кісілермен облыста «Қо­лөнер орталығын» құрдым. Бұл жұмысымызға қолдау көр­сетіп, орталық салынса, он­да түрлі байқаулар мен фес­ти­вальдер ұйымдастырылса деген тілегіміз бар. Басқа об­лыс­тармен салыстырғанда бі­з­дің өңірде бұл өнердің дамуы тө­мен, – деді Қазақстан қолөнер ше­берлерінің мүшесі Қарлығаш Ілия­сова. Облыстық жемқорлыққа қар­сы күрес кеңесінің мү­ше­сі Се­рік Теңізбаев көлік құрал­да­рына заңсыз салық салу мә­се­лесін айтса, «Қызылорда об­­­­лыстық мүгедектер қоға­мы» ҚБ директоры Мұрат Жұ­­ма­ділдаев Nur Otan партия­сы­ның «Кедергісіз келешек» жо­басының өңірде орындалуы тө­мен деңгейде екендігіне ша­ғым­данды. Ал облыстық кә­сіп­керлер құқығын қорғау кеңе­сінің төрағасы Болат Нұрхожаев ауыл­дық жерлердегі кәсіп ашу туралы заңның ірі қалалардағы сауда үйін ашумен бірдей екен­ін, бірнеше қиындықтар ба­рын атап өтті. Ұсыныс-пікірлер мен өті­ніштерді жіті тыңдаған А.Қы­рық­баев сауалдарға жауап беріп, айтылған мәселелерді партия бақылауына алатынын жеткізді. Шараны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Нау­рызбай Байқадамов партия хатшысына ашық форматтағы еркін жүздесуі үшін алғысын ай­тып, көтерілген ұсыныс-пі­кір­лердің облыс деңгейінде ше­­­шімін табатындығын айтты. Бұдан соң Nur Оtan партия­сы­ның хатшысы Арман Қы­рық­баев «Жастар ресурстық ор­та­лығында» Сыр жастарымен кез­десті. Jas Otan Жастар қа­на­тының төрағасы Елнұр Би­сен­баев және ақын Мұхтар Ниязов бас­таған 200-ден аса жастар пар­тия хатшысымен пікірлесті. – Партияның мақсаты «Жеті сер­пін бағдарламасы», тек біздің ел­дің емес шет ел жағдайына бай­ланысты да қабылданған бо­латын. Nur Оtan партиясы Пав­лодар, Түркістан, Атырау об­лыстарында кездесулер өткізді. 18 наурызда партияның отырысы өтеді. Nur Оtan құрамындағы жас­тардың мәселесі қаралады. Өткен жылы «Жастар жылы» деп жарияланды. Жастарға грант берілді, биыл да бұл үрдіс сақ­талады. Елбасы: «2025 жылға дейін жастарды жатақханамен қамтамасыз ету керек» деген бо­латын. Қазақстан бойын­ша бүгінде жоғарғы оқу орын­да­ры­на тиесілі 600-ден аса жа­тақ­хана бар. Еліміздегі ЖОО-ғы жатақханалардың же­тіс­пеушілігі үлкен проблема, – деген партия хатшысы, кейбір жа­тақханалардың жөндеуден өтпегенін, жатын орындарының ескіргенін де тілге тиек етті. Шарада жастар саясаты са­ласында жүргізіліп жатқан жұ­­мыс­тар жайы баяндалып, олар­­­дың проблемалық мәселе­лері, шешу мүмкіндіктері қа­рас­тырылып, идеялары мен мүм­кіндіктері тыңдалды. Бұдан соң талапты жастарды Nur Otan партиясының қатарына қа­был­дады.   Миуа БАЙНАЗАРОВА, Қызылорда облысы