Әнші Ерке Есмахан күйеуінің жүдеп кеткенін айтып, денсаулығына алаңдап қалды. Басқалар артық салмақтан арыла алмай жүрсе, Ерке Есмахан Раимның жүдеп кеткенін айтып, салмақ қосудың амалын таппай әлек.
“Қыздар, жолдасымды қалай семіртемін, соны айтыңдаршы? Үйленгелі стрестен 5 келіге арықтады. Одан концертпен бір ай жүріп, тағы салмақ тастады. Енді семіртемін деп отырғанымда ораза басталды. Екеуміздің де семіруден арықтауымыз тез. Үйленгенімізге екі ай болды, ұят тіпті. Ал, көмектесіңдер”, – деп жазды Ерке Есмахан.Оқырмандардың кеңесі өнер иесін таңғалдырмай қоймады.
“Сыра ішсін дегендеріңіз қалай кетті? Ақыл айтуға келгенде қазақтарды тоқтата алмайсың-ау. Семіру үшін тура жолдан тайып, одан соң ішуді қойдыра алмай жүрмейін. Бәлесінен аулақ, арық боп жүре берсін”, – дейді әнші.Ерке Есмаханның салмақ қосып, толықсығанын байқаған желі қолданушылары жақсы жаңалықтың да ауылы алыс емес деп болжаған.
“Аяғыңыз ауыр болған соң толыққансыз” деп құттықтап жатқандарға рақмет! Тілектеріңіз қабыл болсын. Хабар болса, бірінші боп сіздермен бөлісемін, Алла бұйыртса”, – деп жазды өнер иесі.