АҚШ-та тұрып жатқан Димаш терезесіне Қазақстан жалауын іліп қойды. Осылайша, танымал әнші елінен жырақта жүрсе де өзін Қазақстанның ажырамас бір бөлігі деп санайтынын білдірді. Танымал әнші АҚШ-тағы пәтерінде түскен суретін желіге жариялады. Онда ол үлкен терезеге Қазақстан Туын іліп қойыпты.
"Лос-Анджелестің терезесі болса да, бірақ менің үйім Қазақстан", – деп жазды әнші суреттің сипаттамасында.