Жаңаөзендік әйелдердің ойын алаңында неге төбелескені белгілі болды
Жаңаөзендік әйелдердің ойын алаңында неге төбелескені белгілі болды
1,821
оқылды
Жаңаөзенде екі әйел ойын алаңында төбелесіп қалғанын баяндайтын видео желіде кеңінен тарап кетті. Ашуланған аналар балалардың жылағанын да ескермеген және ересектер де болған. Олар біріне-бірі арбаны лақтырып жіберген. Жанжал түс ауа балалар ойнайтын алаңда болған. Олар велосипедке таласқан. Әрқайсысы өз балаларын отырғызуға тырысқан, одан кейін жұдырықтаса жөнелген. Аналар құмсалғышқа құлағаннан кейін де төбелесті жалғастырған. Ашулы әйелдерді қасынан өтіп бара жатқан ер адамдар ғана ажыратқан. Желіде қызу төбелестің түсірілімін көрген полицейлер олардың кім екенін анықтаған. Бірақ екеуі де бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екенін айтты.
"Полицейлер екеуінің де жеке басын анықтады, содан кейін азаматтар қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне шағымдары жоқ, олар арыз жазбаған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АКТАУ | AKTAU☀️ (@aqtau_live)