Қазақстанның бірнеше өңірінде жел тұрып, үсік жүреді

Қазақстанның бірнеше өңірінде жел тұрып, үсік жүреді

"Қазгидромет" РМК мәлімдеуінше, ертең, 3 сәуірде Алматыда және Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында үсік болады. Синоптиктер тағы бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Алматы облысында солтүстік-шығыс желі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік сақталады. Алматыда 1-3 градус үсік болады. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түнде 2-7 градус үсік сақталады. Ақтөбе облысының орталығында, шығысында шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл сақталады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с сақталады. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, 1-6 градус үсік болады.