АҚШ-та жойқын торнадо құрбандарының саны артты

АҚШ-та жойқын торнадо құрбандарының саны артты

АҚШ-тың Оңтүстік және Орта Батыс штаттарында қатты құйын салдарынан кемі 11 адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шекті, – деп хабарлайды Tengritravel.kz. Мыңдаған адам жарықсыз қалды. Арканзас штатында төтенше жағдай енгізілді. Табиғи апат штаттың орталық бөлігінде адам көп шоғырланған Литл-Рок қаласы және оның маңайына қатты әсер еткен. Апаттың салдарын жою үшін ұлттық гвардия күштері тартылды. Тұрғын үйлер мен дүкендер қираған. Көрші Иллинойс штатындағы Белвидер қаласында концерт кезінде шатыр опырылып, салдарынан бір адам қаза тауып, 30-дан аса адам зардап шеккен. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдайда табиғи апаттың салдарынан болған. Метеорологтар атмосфералық құбылыс ілгерілеген сайын ауа райына байланысты аймақта қауіпті жағдай сақталатынын ескертеді. Ұлттық метеорологиялық қызметтің мәліметінше, қауіпті аймақта 28 миллионнан аса адам бар екен.