Елена Рыбакина желіде жазба жариялады

Елена Рыбакина желіде жазба жариялады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 Miami Open турнирінің финалынан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Бүгін қиын күн, екінші орын, бірақ мұндағы осы екі аптадан көптеген позитив алуға болады. Барлығына қолдағаны үшін рақмет. Демалатын кез жетті және топырақты маусымға дайындалу керек», – деп жазды Елена Рыбакина Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, бүгін, 2 сәуірде Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді.