Өскемендегі монша кешенінде өрт шықты

Өскемендегі монша кешенінде өрт шықты

Өскеменде монша кешенінен өрт шықты. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Әл-Фараби даңғылында орналасқан монша кешенінен өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел келіп жетті.

«Сол сәтте монша кешеніндегі екі бөлмені жалын шарпып жатты. От тағы екі бөлменің шатырына жайылған. Тілсіз жау шарпыған жалпы аудан 125 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ» делінген ақпаратта.
Қараңғыда құтқарушыларға ыңғайлы болу үшін жақын маңға жарық мұнарасы орналастырылды. Көп ұзамай өрт толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіру үшін барлығы 5 техника мен жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылған.