Атырау әкімдігі өртке байланысты қандай шаралар іске асатынын айтты

Атырау әкімдігі өртке байланысты қандай шаралар іске асатынын айтты

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қамыс өртін болдырмау, алдын алуға байланысты қандай жұмыстар атқарылатынын айтты. ​ «Каспийдің солтүстік жағалауында аң аулауға, балық аулауға тыйым салынады. Яғни, резерваттың аумағы үлкейтіледі. Ақ Жайық резерватын Экология министрлігі балансынан Атырау облысы әкімдігінің балансына беруді қарастыру туралы ұсыныс берілуде. Қорық жергілікті әкімдіктің балансына берілсе, қажетті жабдықтар, құрылғылар алынып, штаттар бөлінетін болады. Бұған дейін өрт сөндірумен айналысқан тікұшақ апатқа ұшырады. Сондықтан,өрт сөндіруге арналған жаңадан тікұшақ алу жоспарланып отыр. Және өртті ерте анықтауға арналған шаралар қабылданады», – деді Жасұлан Бисембиев «Фейсбук» желісіндегі парақшасы арқылы жүргізген тікелей эфирде.