Екібастұзда із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі су каналынан табылды

Екібастұзда із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі су каналынан табылды

Екібастұз қаласында 5 айдан астам уақыт бұрын із-түзсіз жоғалған 35 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

«2 сәуір сағат 17.20 шамасында «Союз» саяжай қоғамы жанындағы теміржол көпірінің астында, Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 2022 жылы 13 қазанда жоғалып кеткен 1988 жылы туған қала тұрғынының денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Оқиға орнынан смарт-сағат пен жоғалған адамның атына ашылған Kaspi Gold карточкасы табылды. Мәйітті әкесі таныды», - делінген мәліметте.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процесстік шешім қабылданатын болады.