«Астананың» экс-ойыншысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

«Астананың» экс-ойыншысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

«Астананың» бұрынғы футболшысы Рай Влут түрмеге қамалды, деп хабарлайды Sports.kz. Нидерландиялық «Урал» клубының футболшысы Рай Влоет бала өліміне әкеп соққан жол апаты үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы голландиялық БАҚ хабарлайды. Влуттың қатысуымен жол көлік оқиғасы 2021 жылдың қарашасында тіркелді. Сол уақытта футболшы төрт жасар баланың өмірін жалмаған апатқа кінәлі болды. Айта кетейік, Рай Влут 2022 жылғы маусымда елордалық «Астана» сапында өнер көрсетіп, 14 матчта бес гол соққан.