Жұрттың малын үптеп кетті
Жұрттың малын үптеп кетті
194
оқылды
Қазіргі таңда Түркістан облысында мал ұрлығы бойын­­ша ұрлық-қарлық өршіп тұр. Мәселен, өткен жы­лы ұрланған мал саны 2 357 болса, оның 763-і ие­сіне қайтарылды. Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түр­кістан облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков 50-ден астам тұрғынды қа­былдап, аяқсыз қалған арыздары мен өтініш-тілектерін тез арада ше­шу бойынша департаментке қарасты тергеу, кадр, әкімшілік по­лиция басқармалары және тағы басқа тиісті басшылар ат­қаратынын жеткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі мал ұрлығы аясында арыздарын жеткізді. «Мал ашуы – жан ашуы» демекші, малын ұрлатып, ашуға мініп келген Кентау қаласына қарасты Нұр­тас ауылының Төрехан Арысбеков, Қалбай Бейсенбайұлы бастаған бір топ тұрғындары арыз-шағымдарын жеткізді. Малының қолды болғанына көп уақыт өткенімен, әлі дұрыс нәти­же болмай жатқанына қынжылып тұр. «Қазір жұрт жоғалған малы­ның табылатынына сенбейді. Тіпті, малы жоғалғандар арыз жаз­ғылары да келмейтін болды. Өйткені мал ұрлығы бойынша қоз­­ғалған істің барлығы дерлік ашылып жатқан жоқ», – деді ақ­сақалдар. Тұрғындардың айтуынша, мал ұрлы­ғы негізінде ірі қара мен аяқты мал – жылқы ұрлығы асқынып тұр. Ұры­лардың дан­дайсығаны сонша, тіптен үйірлі жылқыға ауыз салатын болған. Қайрат Дәлбеков мал ұрлығы бойын­ша қылмыскер ұстал­ға­нымен, мал иелері мен ауыл тұр­ғын­дары ара түсіп, өздері кешірім беріп, ымыра­ға келулеріне байланысты қылмыскер бостандыққа тез шығып кететінін жеткізді. Осы мәселеге бай­ла­нысты облысқа қарасты барлық қа­ла, аудандарға барып, кездесу өткі­зетінін жеткізді. Мал ұрлығына қатысты жағдайды толы­ғы­рақ білмек болып, облыстық по­лиция депар­таментіне хабарластық. «Қазіргі таңда ұрлық-қар­­лық біртін­­деп ден­деп барады. Ұрлық түбі – қор­­­­­­­лық еке­нін көпшілік білсе де, пен­­­де­ші­лік­ке са­лынып, тура жолдан ада­­­са­ды. Кей­біреуді ұрлыққа баруға кедей­шілік мәж­­бүрлесе, енді бірі бұл қылмысты кә­сіп көзіне ай­нал­дырған. Әсіресе, қа­зіргі кез­де ауылдағы ағайынның жал­ғыз күн­­кө­­ріс көзі болып отыр­ған төрт түлік – ұры­­­лар үшін оңай олжа табу­дың жо­лы бо­лып отыр. Жекелеген елді ме­кен­дер мен аудандарда жергілікті же­­дел-профилактикалық тек­серістер ұдайы өткізіледі. Нә­тижесінде, 2019 жылдың 12 айы ішінде 641 мал ұрлығы тір­келіп, мал ұрлығымен айналысқан 23 қылмыстық топ құрықталды», – дейді бас­пасөз қызметі. Мал ұрлығын жедел ашу мақсатындағы атқарып жатқан жұмыс­тардың қатарында, жалпы чат деген әдісті де пайдалануда. Яғни, заңсыз тасымалданған мал полицейлер тарапынан анық­талып, бей­нетір­кегіштерге, суретке түсіріліп, арнайы чатқа жі­бе­ріледі. Мал ұрлығы туралы арызданып келген азаматтарға чаттағы бейнежазбалар мен суреттер көрсетіледі. Бү­гінгі таңда мұндай әдіс өз нәтижесін беруде. Өткен жылы тексерілген мал саны – 4 966 бас жылқы, 12 048 сиыр, 9 312 уақ мал, 31 бас түйе. Созақ ауданында жоғалған бір топ түйе мен Келес ауданында жоғалған 18 бас жылқы ие­сі­не қай­тарылды. Мал ұрыларын ұстауда облыс по­лицейлері «Мал ұр­лаушы», «Мал ұрлығына тос­қауыл», «Арқан» және т.б. шара­ларды жүзе­ге асырып келеді.   Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы