Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады - Қазгидромет

Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады - Қазгидромет

“Қазгидромет” РМК 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым аумағына әлі де антициклон жотасы әсер етеді. Осыған байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауып, оңтүстігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстік-шығыста қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Жетісу облысында, түнде Жамбыл облысында жел тұрып, екпіні 30 м/с болады, кей аймақтарда одан да күшті болуы мүмкін. Түнде Алматы, Жамбыл Жетісу облыстарында 1-6 градус аяз сақталады.