Құрманғазы ауданында киік мүйізі контрабандасымен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды

Құрманғазы ауданында киік мүйізі контрабандасымен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды

24 наурыз күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері киіктің 137 дана мүйізін тәркіледі. 1990 жылы туған Құрманғазы ауданы тұрғынының мекенжайын тексеру барысында полицейлер жер астына көмілген 137 дана киік мүйізін және 1 дана қол арасын тәркіледі.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Аталған дерек бойынша,  ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды" , – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.