Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда. Марат Кәрімжанұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2008 жылы Ташкент автомобиль-жол институтын «ғимараттар мен құрылыс салу» мамандығымен бітірген. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін «Өндірісті-жүйелік инженерия» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығын тәмамдаған. 2011 жылғы қаңтар-тамыз аралығында – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамашысы, сарапшысы. 2011 жылдың тамызынан 2013 жылдың наурызына дейін – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы. 2013 жылғы наурыздан қарашаға дейін – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Транзиттік және көліктік логистика департаменті Транзиттік саясат басқармасының басшысы. 2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы маусымға дейін – ОҚО әкімдігі жанындағы «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі. 2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қазанға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары. 2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы наурызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы. 2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда департаменттің функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді. 2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы шілдеге дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы. 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі. 2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.