Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Алматыдағы "Жетісу" базарында жолаушылар автобусы өртенді. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 сәуірде түнгі сағат 23:10-да Түрксіб ауданы, «Қайрат«шағынауданы, 181/2 мекенжайындағы үйдің маңында 125-інші бағытта қатынайтын «Лиаз-529265» маркалы автобус өртенді. «Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері сағат 23:16-да жетті. Жалынды сөндіруге және автобус конструкциясын салқындату үшін дереу көбігі бар оқпандар берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің тарауы сағат 23:19-да тоқтатылып, сағат 23:22-де толық ауыздықталды. Оқиға себебі анықталуда«, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен. https://www.youtube.com/watch?v=DjGEUE58UtQ&embeds_euri=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2F&source_ve_path=MjM4NTE&feature=emb_title