«Коронавирус адамға жарқанаттан жұқты» – ДДСҰ әлеуметтік желідегі жалған ақпаратпен күресті бастады
«Коронавирус адамға жарқанаттан жұқты» – ДДСҰ әлеуметтік желідегі жалған ақпаратпен күресті бастады
Фото: Интернеттен алынды
129
оқылды
ДДСҰ коронавирус туралы жалған ақпаратқа қарсы күреседі, – деп жазады euronews.com. Дерекөздің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус эпидемиясына байланысты тарап жатқан жалған ақпаратпен күресетін жаһандық науқанды бастады.  Вирус туралы фейк жаңалықтардың таралуын болдырмау үшін ірі әлеуметтік желілермен серіктестік орнататынын мәлімдеді. Әлем вируспен күресіп жатыр, бірақ оған жаһандық байланыс мен ақпарат алмасу жетіспейді. Дерттің мутация нәтижесінде, адамға жануардан жұққаны дәлелденген.
Эпидемиолог Массимо Чиккоцци: «Коронавирус адамға жарқанаттан жұқты. Адамда бірден эпидемия туындады. Ол жарқанаттан қалай берілді? Бұл үлкен геномның бөлігіндегі бір протеиндегі жалғыз өзгеріс, бір ғана мутация арқылы болды», – деді.
Соған қарамастан, коронавирустың адамнан адамға жұғу жылдамдығы салыстырмалы түрде жоғары емес. Дәрігерлердің пікірінше дер кезінде қажетті шараларды жүзеге асырса эпидемияның Еуропаға таралуынығ алдын алуға болады. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын «жаһандық төтенше жағдай» деп жариялады.