Биыл шегірткеге қарсы күреске республикалық бюджеттен 3,8 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Aikyn.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Мамандардың болжамынша, шегіртке 1,6 миллион гектар аумаққа таралуы мүмкін. Бүгінгі таңда 385,3 мың га алаңда пестицидтердің қажетті қоры бар. Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штаб құрылды. Мониторинг және химиялық өңдеудің жұмыс жоспары бекітілді. Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылады. Бүгінгі таңда Түркістан облысында марокколық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізілді. 8-9 сәуірде өңдеуді бастайды. Басқа аймақтарда жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошақтары анықталған кезде басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеу жүргізіледі.