Қызылорда мектебінде жоғары сынып оқушылары пышақтасқан

Қызылорда мектебінде жоғары сынып оқушылары пышақтасқан

Қызылорда қаласында мектептердің бірінде оқушылар төбелес шығарған, салдарынан біреуі жарақат алды. Оқиға 4 сәуірде облыс орталығындағы мектептердің бірінде болған.

«Пышақ жарақатын алған оқушы ауруханаға жеткізіліп, оған дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін, ол үйіне қайтарылды. Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасының қарауына тапсырылды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.