Партия мүшелері «Ана Үйіне» барды

Партия мүшелері «Ана Үйіне» барды

«AMANAT» партиясының СҚО филиалының белсен­ділері «Ана Үйі» қоғамдық қо­рын жаңа мекемеге көшіруге көмектесті. Мекеме өмірлік қиын жағдай­ға тап болған толық емес отба­сыларға қолдау көрсетеді. Оларға уақытша баспана беріп, психо­логиялық демеу көрсетіп, меди­циналық көмек беріп, құжаттарды рәсімдеуге немесе қалпына кел­тіруге жәрдемдеседі. Сондай-ақ тұрғындардың тұрмыстық шы­ғын­дарын өз мойнына алады.

«Біздің «Болашақ» филиа­лы­ның қоғамдық қабылдау бөл­ме­сіне жедел желі арқылы осы қоғамдық қордың басшысы кө­шуге көмек көрсету туралы өтініш білдіріп хабарласты. «Ана Үйі» бірқатар жағдайға байланысты жаңа орынға көшуге мәжбүр екен. Біз шетте қала алмадық. Бұл бастамамызды облыстық мәс­ли­хат депутаты Гюлага Илдырымов та қолдады», – дейді «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.
Облыстық мәслихат депутаты Гюлага Илдырымов заттар мен жиһаздарды тасымалдау үшін автокөлік ұсынған. Өз кезегінде «Болашақ» филиалының бел­сенділері жинау-тиеу-түсіру жұмыстарына көмектесті. Осы аптада партиялықтар «Ана үйін­дегі» отбасылардың жайлы тұр­мысы үшін тазалық жұмыстарына көмектесуді жоспарлап отыр. Қазір қоғамдық қор бес әйелге көмек көрсетеді, олардың әрқай­сысының балалары бар.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ