Жаңа препарат мидағы жүйке белсенділігін басып, жүрек жеткіліксіздігі мен соның салдары ұйқы кезіндегі апноэны да жеңілдетеді. Жүрек жеткіліксіздігі – әлемдік денсаулық сақтауда басты мәселе болса, оның салдары – ұйқы кезіндегі апноэ да адам өмірін одан да көп қысқартады. Аурудың осы екі түрін бірдей емдейтін нейрондық белсенділікке бағытталған жаңа препарат әзірленді. Бұл туралы NewAtlas.com сайтында жарияланған материалға сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_247920" align="aligncenter" width="880"]
Статистика бойынша пациенттердің көпшілігі жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылғаннан кейін бес жыл ішінде қайтыс болады.Мидың жүрекке импульс жіберетін бөлігі тыныс алуды да басқарады. Ұйқыдағы апноэ – ұйықтап жатқан адамның тыныс алуын қысқа уақытқа тоқтататын тыныс алудың бұзылуы. Тыныс алу ретсіз болады, қайта-қайта тоқтайды. Себебі ми тыныс алу бұлшықеттеріне дұрыс сигналдар жібермейді – жүрек жеткіліксіздігі бар адамдарда жиі кездеседі. [caption id="attachment_247922" align="aligncenter" width="1800"]
«Бұл препарат жүрек жеткіліксіздігі мен ұйқы апноэсымен ауыратын адамдарға пайдалы. Екі ауруды бір препаратпен емдеуге болады», – дейді зерттеу тобының мүшесі Джулиан Патон.Сондай-ақ AF-130 препараты ағзаның қабынуын азайтады, жүрек салмағын төмендетеді және өкпеде сұйықтықтың жиналуын болдырмайды. Бұлар жүрек жеткіліксіздігінің жанама әсерлері. Бұл — жүрек жеткіліксіздігі мен оның салдары ұйқы апноэсына әкелетін ми мен жүрек арасындағы жүйке белсенділігін бақылайтын алғашқы дәрі. [caption id="attachment_247923" align="aligncenter" width="1744"]
«Соңғы онжылдықтарда жүрек жеткіліксіздігінің болжамын жақсартатын бірнеше дәрілік кластерлер пайда болды», – дейді кардиолог Мартин Стайлс. – «Алайда бұл препараттардың ешқайсысы осы жаңа агент сияқты жақсы жұмыс істемейді. Сондықтан жүрек жеткіліксіздігінің кейбір белгілерін қалпына келтіруге болатын жаңа әдістің нәтижелерін көру өте қызықты».Жаңа препарат жақын арада АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектің сапасын бақылайтын басқармада (FDA) мақұлданатын болады және енді бірнеше жылда адамдарға да сынақтан өткізілуі мүмкін.