Түркістан облысында дизель отыны мен автогаз тапшы

Түркістан облысында дизель отыны мен автогаз тапшы

Түркістан облысында автогаз бен дизель отыны тапшы. Бұл туралы Түркістан облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Өмірәлиев айтты. «Қазақпараттың» мәліметінше, жанармай құю бекеттерінде газ жоқ. Жұмыс істеп тұрған, газ қоры бар бекеттерде көлік жүргізушілері кезекке тұруға мәжбүр. Онда да  арнайы шектеулермен ғана сатып ала алады. Әсіресе, егін науқаны басталған тұста диқандар дизель отынын таппай қиналып отыр. Түркістан облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Өмірәлиевтің айтуынша, Ақтөбеден 2 мың тонна газ тиелген көліктер жолға шықты. Ертең Түркістанға жетуі тиіс. Қалғаны жөндеу жұмысынан өткен Шымкент мұнай өңдеу зауыты арқылы беріледі.