Мектептерде медициналық кабинеттер ашылуда
Мектептерде медициналық кабинеттер ашылуда
Мектеп медицинасы – ме­дицина сала­сын­­­да­ғы ең маңызды мә­­селе­нің бірі. Бұған де­йін оқу­шы­лардың ден­­саулы­ғына білім бас­­қар­масы жауапты бол­са, кейіннен бұл мін­детті қоғамдық ден­сау­лық басқармасы қол­­ға алды. Ендігі ке­зек­­те білім ұяларын­да­ғы ба­ла­лар медици­на­­лық қыз­метті жыл ба­сында іске қосылған Мін­детті әлеу­меттік ме­ди­­цина­лық сақтан­ды­ру жүйесі аясында ала алады. Бүгін «Міндетті медицина­лық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Шымкент қаласы бойын­ша филиалы директорының орынбасары Ләззат Әлімова үшінші мегаполистегі дәрігер­лік пункттердің жағдайымен танысты. Тілшілердің қатысуы­мен өткен пресс-тур барысында мамандар қаладағы Ы.Алтын­сарин атындағы №65 мектеп-гимназиясын аралады. Мектеп директорының айтуынша, жаңа жүйе енгізілгелі бері мектеп медицинасында оң өзгерістер орын алған. «Қазіргі таңда мектепте 3 600 бала білім алуда. Бұрын осынша оқушыға екі медбике медициналық қызмет көрсететін. Жаңа жүйе енгізілгеннен кейін мейірбике­лердің саны 4-ке артты. Бұл балалардың мектеп кезінде толыққанды медициналық көмек алуына жол ашты. Сондай-ақ бұған дейін білім ұямызда бір ғана медициналық кабинет болатын. Өткен айда тағы бір кабинет ашылып, толығымен жабдықталды. Жаңа жүйенің тағы бір артық­шылығы профилактика­лық шаралардың барлығы мектеп қабырғасында жүзеге асыры­луда. Айталық, бұрындары оқушыларды флюрографияға түсіру үшін емханаға алып бара­тынбыз. Олардың қауіп­сіздігі үшін алаңдап отырушы едік. Ал қазір мамандардың өздері осында келіп профилак­ти­калық шараларды жүргізе береді», – дейді мектеп дирек­торы Айгүл Керімбаева.    width= 9-сыныпта оқитын Тәңір­бер­ген­нің сабақ кезінде басы ауырғасын мұғалім медицина кабинетіне жіберген. Мейір­бике пациентті тексеріп, жағ­дайы­ның жақсы екенін айтты. «Баланың қан қысымы қа­лыпты. Денсаулығында ешқан­дай кінәрат жоқ. Жалпы, оқу­шыларға алғашқы көмек көр­се­туге мұнда барлық жағдай жа­салған. Дәрі-дәрмек жеткі­лікті», – дейді Қарлығаш Ізті­леуова. Жалпы, МӘМС бойын­ша мектептегі оқушы­ларға жыл сайынғы профи­лактикалық тексерулер мен стоматологтың қызметі көрсе­тіледі. Бүгінде Шымкент қаласын­да 137 мектеп бар. Оларға 18 медициналық мекеме МӘМС жүйесі аясында қызмет көрсе­туде. Мектеп ішіндегі медици­налық ахуалға қанық болған «Міндетті медициналық сақ­тан­дыру қоры» КЕАҚ-ның Шым­кент қаласы бойынша филиалы директорының орын­басары Ләззат Әлімова биылғы жылы қаладағы мектеп меди­ци­насының дамуына қазы­на­дан 1 миллиардтан астам қара­жаттың бөлінгенін мәлімдеді. «Жыл басынан бері шаһардағы барлық білім ұяларындағы медициналық кабинеттерді қайта жабдықтап жатырмыз. Мамандар санын да көбейтеміз. Бұл өз кезегінде оқушылардың ден­саулығын жақсартып, бала­лар арасындағы түрлі ауру­лардың алдын алуға септігін тигізеді», – дейді Л.Барлық­бай­қызы.    width= Айта кетейік, 2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында 902 мың адам (87 %) денсаулы­ғын сақтандырып, қорға жалпы көлемі 351,6 миллион теңге аударған. Сондай-ақ Қазақстан бо­йын­ша мектеп қабыр­ға­сын­дағы балаларға көр­се­тілетін медици­налық көмекке шама­мен 18,6 млрд теңге қар­жы­лан­дырылған.   Серік ӘЛІМЖАНОВ, Шымкент