Көкшетауда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Көкшетауда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Көкшетауда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Полиция іздеу жариялады,  – деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, биылғы 5 сәуірде Көкшетау қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 2006 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған сіңлісі Тойбазар Лейла Асхатқызының жоғалғанын айтты. Өтініш иесінің сөзінше, жоғалған қыз 2023 жылғы 4 сәуірде сағат 16.00 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан хабарсыз, қайда екені белгісіз. Жоғалған қыздың белгілері: бойы – 150-155 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, қысқа қиылған, көздері   қоңыр. Үстінде күңгірт жасыл түсті күрте, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка киген. «Көкшетау қалалық Полиция басқармасынан барлық аумақтық бөлімшелерге кәмелетке толмағанның белгілері бар бағдарлау жолданды. Жедел-іздестіру іс-шараларына Көкшетау қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды, кәмелетке толмаған қыздың тұратын ауданындағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде, қаланың басқа аудандары да пысықталуда, қыздың жақын туыстары мен достары сұралды. Полицейлер ықтимал орналасқан жерлерін тексеруде. Жоғалған адамды табуға еріктілер де көмектесуде», – деді ведомстводан. ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, кәмелеттік жасқа толмағанның белгілері бар бағдарлар WhatsApp мессенджеріндегі әлеуметтік желілер мен чаттарда орналастырылған. Қазір  Л.Тойбазардың орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр. «Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан Көкшетау қаласының Полиция басқармасына Сәтпаев көшесі  1 «а» мекенжайы бойынша немесе телефон арқылы хабарлауды сұраймыз 8-(7162)-25-78-05, 8-747-352-16-95 немесе 102», – деп толықтырды ведомстводан.