«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 маусымға дейін ұзартты.

«Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д. қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. Кейіннен ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «Дикий Арман» ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін айтқан болатын.