«Ақорда» резиденциясында төрт мемлекеттің Төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сенім грамоталарын Малайзия елшісі Мохамад Адли бин Абдулла, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани, Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу және Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Джоукар тапсырды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Үкіметі оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің аталған мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстарды қоса алғанда, барлық салада тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін айтты», – делінген хабарламада.