Атыраулық мектеп оқушылары арасында қазақ әндерін дәріптеудің жаңа әдісін тапты

Атыраулық мектеп оқушылары арасында қазақ әндерін дәріптеудің жаңа әдісін тапты

Күнделікті түскі үзіліс уақытында оқушылар қазақтың халық әндерін және эстрадалық жанрдағы әуендерді орындауда. «Көңілді караоке» жобасын​ Атыраудағы «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейі жүзеге асыруда.

«Мақсатымыз – жас буын арасында қазақ әндерін дәріптеу. Оқушылар көп жағдайда Абайдың әндерін және қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындап жатады. Кейде жиын форматындағы тәрбиелік шаралар нәтиже бермей жатуы мүмкін. Ал  мұндай көңілді форматтағы шаралар оқушылардың қазақтың тарихына, танымал тұлғаларына деген қызығушылықтарының артуына себеп болуда», – дейді ​ «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі​ орынбасары Абай Ақмурзиев.
Еске сала кетелік, «Зияткер» мамандандырылған мектебі 2021 жылы ашылған. Қазір онда 9-11-сыныптағы 140-қа жуық оқушы білім алуда.

Баян Жанұзақова