Мектепте үш оқушыны балтамен жаралаған бала туралы тың дерек шықты

Мектепте үш оқушыны балтамен жаралаған бала туралы тың дерек шықты

Петропавлда оқушы мектепке балта алып келіп, үш баланы жаралаған. Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы осы оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды. Ақпанда жасөспірім психиатриялық бақылауда тұрған. Енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтіруге оқталғаны белгілі болды. «Бала суицид жасауға оқталған соң, үш ай сабақтан қалған. Бірақ мұғалімдер баланың әрекетіне мән бермеген», – дейді прокурор.

«Бұл бала 2021 жылы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді», – деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.
Прокуратурада өткен жиында мұғалімдер бала сыныптастарына шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты. Айта кетейік,13 ақпанда Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке үш оқушыны балтамен жарақаттады.