Израильдегі Тель-Авив университетінің зерттеушілері электр және магнит өрісін пайдалана отырып қозғалатын және адамның бір жасушасын анықтап, оны ұстай алатын микроробот жасады. Сарапшылар көлемі жағынан бір ғана биологиялық жасушаның өлшеміндей болатын микророботты қолдану ауқымы өте үлкен екенін айтады. Newatlas.com сілтеме жасап Aikyn.kz микророботтың жұмыс істеу қағидасын түсіндіреді.
[caption id="attachment_248037" align="aligncenter" width="1224"]
«Осы уақытқа дейін электрмен жұмыс істеген микророботтар салыстырмалы түрде жоғары электр өткізгіштігімен сипатталатын белгілі бір физиологиялық орталарда тиімсіз болды», – дейді зерттеуші ғалым Гилад Йосифон. – «Бұл жерде қосымша магниттік механизм іске қосылады. Ол қоршаған ортаның электр өткізгіштігіне қарамастан өте тиімді».[caption id="attachment_248038" align="aligncenter" width="1673"]
Гибридті микророботтың тағы бір артықшылығы – ол кез келген жасушаның күйін анықтай алады. Бұл таңбаланбаған жасушаларды анықтауда микророботтарды қолданудың алғашқы тәжірибесі.Йосифонның айтуынша, жаңа құрылғы технологияны екі негізгі бағытта айтарлықтай дамытады: гибридті қозғалу және екі түрлі механизмді – электрлік және магнитті пайдалану арқылы навигация жасау. Сонымен қатар, жасушаның жағдайын анықтау, іздеу және сыртқы құралға жіберу үшін таңбалауды қажет етпей-ақ микроробот өзі зақымдалған клетканы тауып, оны ұстай алады. [caption id="attachment_248039" align="aligncenter" width="1225"]
«Бұл технология жеке жасушалар деңгейінде медициналық диагностика жасауда, жасушаларға препараттарды немесе гендерді енгізу, генетикалық редакциялау, дәрі-дәрмектерді ағзадағы жеке клеткаларға жеткізу, қоршаған ортаны тазарту сияқты бағыттарда қолдануға болады», – деп мәлімдеді израильдік ғалымдар.Төмендегі видеода зерттеушілер гибридті микророботтың қалай жұмыс істейтінін және оның мүмкіндіктерін айтады. The Hybrid Micro-Robot - YouTube