Вокзалдың автотұрағында 5 минут тұрсаң да 400 теңге төлейсің
Вокзалдың автотұрағында 5 минут тұрсаң да 400 теңге төлейсің
Фото: Интернеттен алынды
174
оқылды
«Алматы-1» теміржолы вокзалы автотұрағынан шу шықты. Almaty.tv тілшілерінің хабарлауынша, бұл жер телімін 10 жыл бұрын жеке меншік иесі сатып алған. Енді бұл жерге 5 минут аялдасаңыз да қалтаңыздан 400 теңгені санап бересіз. Қызмет көрсету компаниясы әкімшілігінің айуынша, сатып алынған жеке жерге қожайын қандай баға қойса да өз еркі. Салығын дер кезінде төлеп отыр, сондықтан бәрі заңды және ашық. «Бұл – жеке меншік жер. Сондықтан «Кәсіпкерлік туралы» заңның 12-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар олардың қызметіне араласа алмайды. Егер де тұрғындар тарапынан аудан әкімдігі аппаратына автотұрақты ақысыз ету туралы қандай да бір шағым келіп түссе, онда өтінішті қарайтын боламыз. Егер адамдар наразы болса, біз автотұрақ қожайынымен келіссөз жүргізуге дайынбыз. Тек қолымызда олардың шағымы болуы тиіс» дейді Түрксіб ауданы кәсіпкерлік даму және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Рүстем Әріпбаев. Теміржол вокзалының маңында қашан да көлік көп болады. Бұл жерде орын тауып, көлігіңді қалдыру қиямет қайым. Амал жоқ, ақылы автотұраққа қоюға тура келеді. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ