Құрылыс жұмыстары қадағалауда

Құрылыс жұмыстары қадағалауда

«АМАNАТ» партиясы Әл-Фараби аудандық филиал жанынан құрылған Пар­тиялық бақылау комиссия­сының мүшелері Мұхтар Ахтаев пен Оралхан Есем­баев Түркістан көшесіндегі өрт сөндіру бе­кетінің құры­лысына зерделеу жұмыс­тарын жүргізді. Танысу барысында ғимарат­тың есік-терезелері қойылып, ауа сорғыштарын орнату жұ­мыстары жүргізіліп жатқаны анықталды. Бүгін нысан­ды пайда­лануға беру уақыты жа­қындап қалған. Комиссия мү­шелері тара­пынан құрылыс жұ­мыстарын тез әрі сапалы аяқтау қажет екендігі ескертілді. Нысан 1-маусымда қолданысқа берілмек. Сондай-ақ «Металлург» ста­дионының құрылысы да партия бақылауында. Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы осы нысан­ның қайта жөндеу жұмыстарын тексеріп, құрылыс сапасымен танысты. 1980 жылы пайдалануға бе­рілген спорт кешенінің тозығы жет­кен болатын. Бүгінде стадион қайта құрылып, күрделі жөн­деу­ден өтуде. Реконструкциялау жұмыстарын бағдарлауға аудан­дағы партиялық бақылау комис­сиясының төрағасы Қозбахов Лесбай Берікбайұлы мен ко­миссия мүшесі Ербол Пазыл­бекұлы барды. Бой көтергелі отырған озық үлгідегі ғимаратта әкімшілік-тұрмыстық корпустан бөлек бокс және күрес залы, жабық спорт корпусы, 62 орындық жа­тақхана мен 1 500 орынға ар­налған три­буна қарасты­рылған. Қазір мер­дігер мекеме жұмыс қарқынын күшейтіп, стадионды ағымдағы жылдың II-тоқса­нында толық аяқтап, пайдала­ну­ға беруді жос­парлап отыр. Комиссия мүшелері Ме­таллург стадионындағы құ­рылыс жұ­мыс­тарының сапасына аса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ