OCTAGON лигасы аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұмның 16-0 рекордтық көрсеткішімен UFC-ге ауысқанын хабарлады.
«Тарихта алғаш рет Қазақстанда құрылған лигаға әлемнің үздік промоушені есік ашты. Азат Мақсұм өз салмағында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген OCTAGON лигасы чемпионы атағына ие. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімге келгеніне өте қуаныштымыз. Азат – OCTAGON лигасы жауынгерлері үшін ашылатын мүмкіндіктердің жарқын дәлелі», – деп жазды лига парақшасында.Айта кетерлігі, осыған дейін UFC ұйымымен Асу Алмабаев келісімге қол қойған еді. Екі спортшы да ең жеңіл салмақта бақ сынайды.
Айбике ЖАНАСЫЛ