Бір қызды шешіндіріп, аяусыз ұрып-соққан қыздарға қатысты жалған ақпарат тараған

Бір қызды шешіндіріп, аяусыз ұрып-соққан қыздарға қатысты жалған ақпарат тараған

Әлеуметтік желілерде Өскемендегі төбелескен қыздардың бірі өз-өзіне қол жұмсаса, екіншісінің анасы қалалық білім бөлімінде жұмыс істегендіктен, ешқандай жауапкершілікке тартылмағаны туралы ақпарат тараған. ШҚО Полиция департаменті бұл факт шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес,  бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып,  көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жаза көзделгенін ескертеміз", – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, жақында облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінде қыздардың төбелескен видеосы тараған болатын. Кейін мұндай жағдай алғаш рет болмағаны, зардап шеккен қызға осы уақытқа дейін де қоқан-лоқы көрсетілгені анықталды.