Рахмонов Чимаевтың сөзіне жауап берді

Рахмонов Чимаевтың сөзіне жауап берді

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде Хамзат Чимаевқа жауап берді, — деп хабарлайды Prosports.kz. Еске салайық, қазақстандық файтер әлеуметтік желіде дәстүрлі қазақ киімін киіп, қасқыр терісімен безендірілген креслода отырған суретін жариялаған. «Біреулер өзін қасқырмын десе… Қасқырлар біздің астымызда», — деп жазған спортшы. Бірнеше сағаттан кейін «Борз» лақап атымен танымал файтер Хамзат Чимаев «Өмірде қорқау болғанша, қасқыр болып жүрген құрмет», — деген пост жариялаған.