Құтқарушылар бөлініп кеткен мұздың үстінде қалып қойған екі балықшыны құтқарды

Құтқарушылар бөлініп кеткен мұздың үстінде қалып қойған екі балықшыны құтқарды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында оқыс оқиға болды. Ертіс өзенінде екі балықшы бөлініп, жағадан алыстап кеткен мұз бетінде қалып қойған. Олар құтқарушылардан көмек сұрады, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. Оқиға орнына келіп жеткен ТЖМ қызметкерлері 1966 және 1975 жылы туған екі адамды құтқарды. Құтқарушылар ол жерге резеңке қайықпен жетіп, ер адамдарға құтқару кеудешесін кигізіп, жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. ТЖД қазір мұз өте әлсіз екенін, тәуекелге бармай, құтқарушылардың ақыл-кеңесіне немқұрайлы қарамауды өтінеді.

«Көктем мезгілінде мұз аса қауіпті болады. Кез келген уақытта жарылып жағадан алыстап кетуі мүмкін, ал оның еру процесі мұздың беріктігін төмендетеді. Балықшылар ережелерді мұқият ұстануы керек», – дейді Самар ауданы ТЖБ бастығы Әсет Сейілқұмаров.