Маңғыстау облыстық мешітінде күн сайын ауызашар беріліп жатыр

Маңғыстау облыстық мешітінде күн сайын ауызашар беріліп жатыр

Маңғыстау облыстық мешітінде күн сайын 3 280 адамға ауызашар беріліп жатыр. «Маңғыстау мешіттері Рамазан айында халыққа рухани тәрбие беру, ізгілікке баулу мақсатында 1 500 балаға тәттілер салынған «Рамазан базарлығы» атты қорапшаларды үлестірді. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы аясында кезекті баспананың кілті Қарақия аудандық орталық мешітінің тазалықшысы, жалғызбасты ана Әбуова Айгүл Оңалбайқызына табысталды. Өңіріміздің мешіттері 80 шақты мүмкіндігі шектеулі жанға, яғни 140 отбасына «Рамазан қоржындарын» үлестірді. Облыс көлемінде 100 түп ағаш отырғызылды. Әр жексенбі күні «жат діни ағымнан сақтанайық» атты тұрғындарға дәріс оқылып, облыстық мешітте күн сайын 3 280 адамға ауызашар беріліп жатыр», – дейді Маңғыстау облыстық мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов.