Ақтөбе облысында жұмада ЖОО түлегі Әсем Эльбрусованың өліміне қатысты аппеляция қаралды, - деп жазады "Диапазон". 22 жастағы қызды жалдамалы пәтерде оның болашақ жолдасы Бақыт Орынбасаров буындырып өлтірген. Осы оқиғаға дейін жігіт қызға үйлену туралы ұсыныс жасаған.
Бірінші инстанциядағы сот 23 жастағы сотталушыны 10 жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарған, сондай-ақ моральдық өтемақы ретінде үш миллион теңге төлеуін міндеттеген. Алайда жәбірленуші тарап бұл үкімді "жұмсақ" деп тауып, жазаны қатаңдатуын сұраған. Облыстық аппеляциялық сот алқасы үкімді өзгертті: Орынбасаров 11 жылға сотталды және ол моральдық өтемақы ретінде 7 миллион теңге төлеуі тиіс. https://www.instagram.com/p/B9HMEMwnpQ3/ Бақыт Орынбасаров Әсеммен бір жарым жыл жүрген. Қыздың туыстары ол оны үнемі бақылап, қайда және қашан қоңырау шалып, қанша ақша бар екенін тексеріп жүретінін айтады. Қалыңдықтың атына өз қажеттіліктері үшін несие рәсімдеп алған, енді оны Әсемнің анасы төлейтін шығар. Адам өлтірілгеннен кейін Әсемнің банк картасымен жалдамалы пәтердің ақысын берген. Қыз өлі болған кезде оның телефонын алып, анасына қызының жағдайы дұрыс екенін хабарлаған. Ол таэквондодан Азия чемпионы, коммерциялық директор болып жұмыс істейтіні және әкесіне джип сатып алып бергені, жүрегіне ота жасағаны туралы өтірік айтқан.