Шымкентте футбол жанкүйерлері төбелесті

Шымкентте футбол жанкүйерлері төбелесті

Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді. Олар жаппай төбелескен,  – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші аудандық Полиция басқармасына Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барған. "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік болғаны анықталды. Қазір Полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.