Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс жүлдегер болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол финалда ирандық Насер Гасем Əлизадеге есе жіберді. Қазақстандық балуан бұған дейін жартылай финалда қырғызстандық Атабек Азисбековті жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовтен басым түсті.