10 сәуірге арналған ауа райы болжамы

10 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады. Оңтүстікте таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, түнде Ақмола облысының солтүстігінде жаңбыр және қар жауады. Тек Қазақстанның солтүстік, орталық, шығысында жауын-шашын болмайды. Республика бойынша жел күшейеді. Тұман түседі, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдайды. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Жамбыл облысында жел екпіні 30 м/с болады. Түнде Жетсіу облысының орталығында және таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.