Алматы облысында итті көлікке байлап, сүйреген тұрғын ұсталды (видео)

Алматы облысында итті көлікке байлап, сүйреген тұрғын ұсталды (видео)

Алматы облысы Тұздыбастау ауылында итті көлікке байлап сүйреген. Куәгерлер итті сүйреген көлікті видеоға түсіріп алған. Видеодан қызыл түсті көлікке байланған иттің қан-жоса болып, жүре алмай қалғанын көруге болады.  

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Liza, 19 (@_dzhanabekova)

Куәгер көлік иесін тоқтатып, итті баудан босатып алғанын айтады. Tengrinews.kz-тің дерегінше, оқиғаға қатысты Талғар аудандық Полиция басқармасы 316-бап «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша іс қозғады.
«Соталды тергеп-тексеру бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушы 1987 жылғы ер адам екені анықталды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.