Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты

Ақтөбеде жол апатынан зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Aikyn.kz POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.   7 сәуір күні Lada Priora автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Жаңажол-Сарыкөл автожолымен (Сарыкөл ауылынан 4 км қашықтықта) жүріп келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шыққан. Жолда 68 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Renault Daster автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды. Lada-да болған бір жолаушы мен Duster көлігіндегі үш жолаушы (кәмелетке толмаған екі бала бар) Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін Шымкент қаласындағы жол апатынан бес адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.