Аяз болып, қар жауады: 11-13 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Аяз болып, қар жауады: 11-13 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 11-13 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. 11-12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», – дейді синоптиктер.
Скандинавия аймақтарынан келетін солтүстік-батыс антициклонының әсерінен, еліміздің солтүстік жартысында ауаның температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді.
«Әйтсе де көктемнің әсерінен күндізгі уақытта ауаның температурасы біртіндеп жоғарылайды, 13 сәуірде республикамыздың солтүстік жартысында термометрлердің бағандары 10-18, ал оңтүстігінде 17-30 жылыға дейін көтеріледі», – дейді мамандар.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай, солтүстік жартысында көктайғақ болуы мүмкін.