Қазақстанға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді

Қазақстанға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді

Елордаға ресми сапармен Әзербайжан көшбасшысы Ильхам Әлиев келді, – деп хабарлайды БОРТ№1 телеграм каналы. Әзербайжан Президентін елорда әуежайында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов күтіп алды. Еске сала кетейік, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.