Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты

Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайды шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Сот оны ҚР ҚК 378-бабы бойынша кінәлі деп тауып, қылмыс мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сонымен қатар, Мамай ҚР ҚК 274 және 272-баптары бойынша кінәлі деп танылды. «Бас бостандығынан айырудың 6 жылын өтеуге түпкілікті тағайындалсын. ҚР ҚК 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза пробациялық бақылауды белгілей отырып, шартты деп есептелсін. Үкім заңды күшіне енгенге дейін бұлтартпау шарасы қалдырылсын», – делінген сот шешімінде. Сондай-ақ, белсендіге алты жыл бойы публицистикалық, журналистік және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды. Мамай үкіммен келіспеді және оған шағымдануға ниетті.