Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырау облысы денсаулық басқармасының экс-басшысы сотталды
Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырау облысы денсаулық басқармасының  экс-басшысы сотталды
© Сурет ғаламтордан
192
оқылды
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы салғырттығы бойынша кінәлі деп танылды, – деп хабарлайды "Мой ГОРОД". - Атырау қаласының №2 сотының 28 ақпан 2020 жылғы үкімімен Мәншүк Аймұрзиева ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігі "ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық" бойынша кінәлі деп танылды. Оған медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан үш жыл мерзімге айырып, 2000 АЕК (5 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, Мәншүк Аймұрзиева 2019 жылдың қазан айында Атырау облыстық перинаталдық орталығында сәби қайтыс болғаннан кейін отставкаға кетті. Ол кезде Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдұла брифинг барысында салғырттығы бойынша жаңа туған нәрестенің тоңазыту камерасына орналастырылғанын, алайда өмір сүру белгілері берілгеннен кейін дәрігерлер бастапқыда ресімделген құжаттарға сәйкес әрекет етуді шешіп, ешқандай шара қабылдамағанын хабарлады. Сәбидің өліміне дәрігерлер кінәлі. Сондай-ақ Шыңғыс Қабдуланың айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін облыстық перинаталдық орталықтың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.