Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында алтын алды

Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында алтын алды

Грек-рим күресі шебері Ибрагим Магомадов Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль алды. Қазақстан балуаны шешуші жекпе-жекте Иран спортшысы Саид Әли Именталабфуманимен бірге боз кілемге шықты. Есеп: 5:2. Осылайша, Ибрагим Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Сондай-ақ, ел құрамасынан Ернұр Фидахметов (60 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі) қола жүлдеге таласады. Еске салсақ, грек-рим күресінен жарыстың алғашқы күнінде Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс жүлдегер болса, Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мұхамедалі Мамырбек (63 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде алды.